USD
USD
USD

2 мың еңбек мигранты көмек алды

Ақтөбе полициясы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ресейден Қырғызстанға бағыт алған еңбек мигранттарына көмектесті.

2 мың еңбек мигранты көмек алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресейден Қырғызстанға бағыт алған 2 мыңнан астам еңбек мигрантын ақтөбелік полицейлер Қызылорда облысының шекарасына дейін шығарып салды.

«4 тамыздан бастап ақтөбелік полицейлер Ресейден Қырғызстан еліне бара жатқан азаматтардың автобустарына ілесіп жүрді. Бүгін де 23 автобусты шығарып салды. Барлығы 43 автобуста 2449 Қырғызстан азаматы бар. Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны