USD
USD
USD

2 миллионнан астам адам 42 500 теңге төлемін екінші рет алды

 7 мамырдағы жағдай бойынша 2,1 млн қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде екінші төлем алды.

2 миллионнан астам адам 42 500 теңге төлемін екінші рет алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін хабарлағандай, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, «42 500 теңге» төлемге екінші айда үміткер бола алады. Естеріңізге сала кетейік, «42 500 теңге» төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 млн адам алды.

Қазір оқып жатыр

150 тоннадан астам жанар-жағармайды Қазақстан шекарасынан заңсыз өткізбек болған

Бензин, дизель

Қазақстандықтар мен бизнес бір айда банктерге шамамен 1,8 трлн теңге әкелді

Ақша

Димаш Құдайберген жаңа клипі шыққаннан кейін айтылған сынға жауап берді

Димаш Құдайберген

«Грекияда 125 жылға сотталды»: Ақтөбелік ана СІМ-нен көмек сұрады

.