USD
USD
USD

2 миллиард колданушы WhatsApp-қа тіркелген

WhatsApp қосымшасын әлем бойынша екі миллиард адам қолданады, деп компанияның сайты жазды.

2 миллиард колданушы WhatsApp-қа тіркелген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұрын тек кездесу кезінде айтылатын құпия әңгімелерді қазір әлемнің кез келген нүктесінде отырып чаттар мен видеоқоңыраулар арқылы жүргізуге болады. Байланыс құралын неғұрлым жиі қолданғандықтан қауіпсіздікті де соғұрлым көп ойлауымыз керек. Біз желіде көп уақыт өткізетіндіктен, әңгімеміздің құпиялылығы да маңызды. Сондықтан WhatsApp-тағы әрбір хабарлама шифрлану арқылы қорғалған. Бұл шифрлау сандық құлып ретінде WhatsApp-тағы ақпараттарды және хакерлер мен қаскүнемдерден қорғайды», – делінген компания таратқан хабарламада.

WhatsApp бастапқыда-ақ қарапайым, сенімді және құпия сервис ретінде ойластырылды. Қазіргі уақытта компания құпия байланысты ұсыну идеясын және әлемдегі екі миллиард қолданушының жеке хабарламаларын қорғауды қамтамасыз етіп келеді.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт