USD
USD
USD

2 қазақстандық Ресейде екі аптаға қалды

Қазақстандық үш азамат Ресейде екі апта карантинде болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашкомен телефонмен сөйлесу барысында айтты. 

2 қазақстандық Ресейде екі аптаға қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әңгіме барысында Елжан Біртанов Михаил Мурашконы тағайындалуымен құттықтады және коронавирустық инфекцияға қарсы күресте көрсеткен көмегі үшін және біздің азаматтарды Ухань қаласынан эвакуациялағаны үшін алғыс білдірді. Тараптар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел орталығы арқылы тұрақты байланыс орнатуға және ақпарат алмасуға келісті.

Атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Түмен қаласындағы Уханьнан эвакуацияланған үш қазақстандық азаматтың жағдайына бірлесіп мониторинг жүргізеді. Жерлестеріміз екі апталық карантинде отыр. Айта кету керек, бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында. 

Қазір оқып жатыр

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа коксты батареялар мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп