USD
USD
USD

29 желтоқсаннан бастап қазақстандықтардың Ресейге кіру ережесі өзгертіледі

 2021 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Ресейге 90 күннен астам мерзімге келетін Қазақстан азаматтары ресейлік медициналық мекемелерде нашақорлық пен жұқпалы аурулардың, оның ішінде АИТВ инфекциясының жоқтығын растауы керек.

29 желтоқсаннан бастап қазақстандықтардың Ресейге кіру ережесі өзгертіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі Елшілі хабарлайды. Анықтамаларды ІІМ аумақтық органдарына тапсыру қажет. Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз азаматтардың құжаттарын оның ата-анасының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының бірі (6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды) ұсына алады. Сондай-ақ, қазақстандықтарға міндетті мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеуден және суретке түсіруден өту қажет, одан кейін ІІМ аумақтық органдары оларға тиісті құжат береді. Назар аударыңыз! Еңбек қызметі мақсатында Ресейге келген жағдайда, жоғарыда көрсетілген рәсімдер келген күннен бастап 30 күн ішінде, басқа мақсаттарда – 90 күн ішінде өтуі керек.

Медициналық анықтамалардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қазақстандықтар 30 күн ішінде медициналық куәландырудан қайта өтуге және жаңа құжаттарды ІІМ аумақтық органына немесе мемлекеттік және жергілікті қызметтердің бірыңғай порталын пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында не ведомстволық бағынысты кәсіпорын немесе уәкілетті ұйым арқылы ұсынуға міндетті. Жоғарыда аталған талаптар орындалмаса, Ресейде болу мерзімі қысқартылуы мүмкін. Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран