USD
USD
USD

29 наурыздан бастап шектеу күшейтіледі

Атырауда базарлар жексенбіде жұмыс істемейді.

29 наурыздан бастап шектеу күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 29 наурыз күні сағат 00:00-ден күшіне енетін жаңа қаулыға сәйкес, ашық және жабық базарлардың, сондай-ақ сауда үйлері мен сауда орталықтарының жұмыс кестесіне өзгеріс енгізіледі.

Азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін ашық болады. Сенбі және жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынып отыр.

Ал азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлар жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады. Жексенбіде – жабылады.

«Сауда үйлері мен сауда орталықтарына (павильондар, бутиктер), сауда желілеріне, азық-түлік емес дүкендерге сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Нысандар ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады», - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер