USD
USD
USD

2,9 миллионнан астам адам 42 5200 теңгені екінші рет алды

15 мамырдағы жағдай бойынша 2,9 млн-нан астам қазақстандық төтенше жағдай режимінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңгені екінші рет алды. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.  

2,9 миллионнан астам адам 42 5200 теңгені екінші рет алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай - 16 сәуірден 11 мамырға дейін. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, «42 500 теңге» төлемге екінші айда үміткер бола алады.

16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға үміткер бола алады. Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимі тоқтатылуына байланысты 11 мамыр сағат 18.00-ден бастап 42 500 теңге тағайындауға жаңа өтініш қабылдау аяқталды. Жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініш белгіленген тәртіппен қаралады және өтініш тиісті шарттарға сәйкес келген жағдайда 42 500 теңге тағайындалып, төленеді. Бұрын берілген өтінішті қарау мәртебесін 42500.enbek.kz сайтынан білуге болады. 42 500 теңге төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 млн адам алды.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша