USD
USD
USD

29 алаяқтық дерегіне қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы алматылық қыз ұсталды

Трейдинг арқылы мол табыс табуға уәде берген 24 жастағы алматылық қыз алаяқтыққа күдікті ретінде ұсталды. Полиция оның 29 алаяқтық дерегіне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Кісен
Фото: shutterstock.com

Астана, NEGE. ІІМ мәліметінше, полицияға Тараздың 28 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол трейдингке инвестиция салу арқылы пайда табуға болады деген ұсынысқа сеніп, банктен несие рәсімдеп, ақшаны өзін инвестормын деп таныстырған азаматқа аударған.

Алайда уәде етілген пайда түспеген. Керісінше, ол салған ақшасын қайтаруда қиындыққа тап болған. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 1,9 миллион теңге деп бағаланған.

Бұл дерек бойынша полиция қызметі Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен («Алаяқтық») сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті Ақтөбе қаласында алаяқтықтың 29 дерегі бойынша жүргізілген тергеу барысында ұсталған. Қазір оның өзге де қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция ел тұрғындарын оңай табысқа кенелуге уәде беретін ұсыныстарға сенбеуге, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және күмәнді инвестициялық жобаларға қатысу үшін несие алмауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Вице-министр ұшақта шетел азаматына көмек көрсетті

Медициналық көмек

Ақтөбедегі кафеде газ жарылып, екі адам зардап шекті

Ақтөбедегі кафе жарылысы

Қазақстандық бортсерік қыз Кувейтте жансақтау бөліміне түсті: экипаж жапон энцефалитін жұқтырған болуы мүмкін

уланған қыз

Mercedes-Benz-тің Германиядағы зауыттары жабылуы мүмкін

Mercedes-Benz