USD
USD
USD

28 дәрігер коронавирус жұқтырды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда індетті жұқтырғандар саны 453 адамға жетті, оның 199-ы Нұр-Сұлтан қаласында екенін айтты. 

28 дәрігер коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Медицина қызметкерлерінің сырқаттануына қатысты да көптеген сұрақ қойылады. Біз бұл фактіні жасырмаймыз. Карантиндік нысандарда жұмыс істеп вирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің арасында 28 адам бар", - деді министр онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазір барлық факті бойынша эпидемиолоиялық тергеу жүріп жатыр. Ақ халаттылардың вирусты жұқтыру себептері немен байланысты екені анықталады. "Бұған дейін айтылғандай, инфекциялық стационарларда, карантиндік нысандарда вирус жұқтыру қаупі жоғары. Әкімдер барлық шараны қолға алды, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қатысты ережелер сақталуы тиіс", - деді ол. 

Біртанов медицина қызметкерлерінің өздері де қауіпсіздік техникасын сақтауы керек екенін атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей