USD
USD
USD

284 адамның қос төлқұжаты бар екені анықталды

Қазақстан миграция саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жолға қойып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

284 адамның қос төлқұжаты бар екені анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы екі жылда ІІМ бастамасымен көші-қон саласындағы 23 халықаралық келісімге қол қойылған. Олардың бесеуі миграция саласындағы ынтымақтастықты (Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанмен) реттейді, 15-і тұлғалардың реадмиссия мәселесін (Беларусь, Венгрия, Германия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Чехия, Швейцария және Бенилюкс елдерімен) реттейді және үшеуі азаматтардың Тараптардың (Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан) территориясында жүру тәртібін анықтайды. 

ІІМ миграция қызметі Қазақстанда әзірленген алгоритм бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесе жыл басынан бері қос азаматтығы бар 284 адамды анықтаған.

Азаматтығынан айырылған тұлға бола отыра, олар қазақстандық құжаттарды Қазақстанға кіру және тұру үшін пайдаланған. Олардың кейбірі шет мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы хабарламаны уақытылы жеткізбегені үшін жауапқа тартылды.

266 адамға (277 800 теңгеден 555 мың теңгеге дейін) айыппұл салынды және 18-і қуылды. Оларды жазалау шешімін сот органы шешеді.

Қазір оқып жатыр

«Өз күшімен жағаға шыққан»: Маңғыстауда аман қалған матрос туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Путин Еуропаға және тұтас әлемге оңтайлы саяси тұлға – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны