USD
USD
USD

271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Ерлан Қарин
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жиын барысында 271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды. Стипендия иегерлерінің 136-сы – магистратура, 8-і докторантурада оқиды. Сондай-ақ 127 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Комиссия мүшелері басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Яғни стипендия иегерлерінің 65 пайызы – жаратылыстану-техникалық, ал 35 пайызы әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша білімін жетілдіреді.

Сонымен қатар 170 азамат шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия алды.

Ерлан Қарин биыл былтырға қарағанда тағылымдамадан өтуге екі есе, инженерлік-техникалық мамандықтар бағытына алты есе көп өтініш түскенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли