27 Қазан 00:35
...

27 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Жанбыр
Фото: Depositphotos.com

«Қазгидромет» еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын хабарлады.

Алматы, NEGE. Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыста өрт қаупі сақталады.

Абай облысында солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15–18 м/с.

Ақтөбе облысында жел күшейеді, күндіз батысында, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–18 м/с болады. Оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысында, солтүстік-шығысында және орталығында ерекше жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында жел солтүстік-батысқа ауысады, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады.

Атырау облысында күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстігі мен шығысында ерекше жоғары, ал солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар. Атырау қаласында да ерекше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде оңтүстік-шығысында екпіні 15–18 м/с.

Батыс Қазақстан облысында батысы мен солтүстігінде жаңбыр, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Күндіз шығысында желдің екпіні 15–20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысында жел күшейіп, таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с жетеді. Батысы мен солтүстігінде ерекше жоғары, орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда да жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Батысында жоғары өрт қаупі бар. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысында түнде және таңертең солтүстігінде және шығысында тұман болады. Оңтүстігінде ерекше жоғары, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында ерекше жоғары өрт қаупі, ал солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында түнде батысында, солтүстігінде және шығысында нөсер жауын мен найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Ақтауда түнде жаңбыр мен найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Павлодар облысында батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Павлодарда да тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Петропавлда да түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысында жоғары, ал оңтүстігінде ерекше жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі күтіледі.