Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

2676 отбасы үйлі болады

Қарағанды облысында жылдың аяғына дейін 2676 отбасы қоныс тойын тойлайды.

2676 отбасы үйлі болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі 105,5%-ды құрады. Оның ішінде тұрғын үйді қолданысқа беру қарқыны 10,3%-ға артты немесе 391,6 мың шаршы метрге ұлғайды. Сондай-ақ, 10 айдың ішінде баспана кезегінде тұрғандардың үлесі 6%-ға азайып отыр», – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, алдағы желтоқсан айында 600 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй қолдануға беріледі.

«Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық. Одан бөлек, биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 560 отбасы жаңа қонысқа ие болды. Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарламалар және демеушілік көмек есебінен 2 676 отбасы баспаналы болады. Оның ішінде 653-і көпбалалы отбасы санатына жатады», – деді әкім.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz