USD
USD
USD

25 пайыздық мемлекеттік көмек кімге беріледі?

Елдегі тау шаңғы спортын дамытуға арналған кешен салатын кәсіпкерлерге мемлекеттен қаржылай қолдау көрсетілмек. ШҚО Риддер қаласында Азиядағы үлкен тау шаңғы кешені салынатыны туралы ақпарат шыққан болатын.

25 пайыздық мемлекеттік көмек кімге беріледі?
Фото: NEGE.kz

Алайда тұрғындар Риддердегі жолды жөндеуді және Нұртау базасын қайта ашуды сұраған. Туристік кешен тұрғызылатын жерде жол да, электр желісі де жоқ екен.

NEGE тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков бұл кімнің қарамағындағы жоба екенін сұрады.

– Біздің министрліктің қарамағында «Kazakh Tourizm» және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен 190 инфрақұрылымдық жоба бар. Ал тау шаңғы базалары – жеке кәсіпкерлердің жобалары. Дегенмен, осы жылдың басынан тау шаңғы курорттарын дамытуға, соларға тиісті құрылғыларды сатып алу бойынша мемлекеттік көмек бар. Мысалы, сол құрылғыларды алуға 25 пайыз қаржылай өтем беріледі. Осындай жобалар бойынша әлі ешқандай өтінім түскен жоқ. Егер кәсіпкерлер бізге өтінім жіберсе, оны міндетті түрде қарастырамыз, – деді Дастан Рыспеков ОҚК баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, қыркүйектің басындағы өрт апаты ШҚО-ның тұмса табиғатын да айналып өткен жоқ. Зайсан, Күршім, Алтай және Қатонқарағай алқабын өрт шалды. Алайда тілсіз жау туристік аймақтарға ешқандай шығын келтірмеген. Бұл туралы «Kazakh Tourizm» ҰК АҚ басқарушы директоры Даниел Сержанұлының мәлімдеді.

– Шығыс Қазақстан аумағында болған өрт негізгі туристік аймақтарға ешқандай залал келтірген жоқ. Бізге бірде-бір туристік объект өрттен зардап шеккен жоқ деген ақпарат берілді, – деп жауап берді ол.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков