USD
USD
USD

2,5 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында «Киік» жедел алдын алу шаралары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2,5 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 1-31 желтоқсан аралығында өткізілетін шара мақсаты – киіктерге қатысты браконьерлік деректерді анықтау және олардың алдын алу, киік мүйіздерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою. Жыл басынан бері өңірде 37 қылмыстық іс тіркелсе, соның алтауы заңсыз аулау, 31-і сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолданғаны үшін қозғалды. Қылмыстық істерді сотта қарау барысында 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың жекелегені бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуде. Құқық бұзушылардан 2,5 мыңнан астам мүйіз тәркіленіп, 480-нен астам атылған киік ұшасы табылды.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп