USD
USD
USD

25 мың шақырымнан астам жол жөнделеді

2019 жылдың қорытындыларына сәйкес, жергілікті жолдардың сапа көрсеткіші 71 пайызға жетті. Өткен жылы ел өңірлеріндегі жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 68 пайызды құраған болатын.

25 мың шақырымнан астам жол жөнделеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2020 жылы республикада жолдардың 4 мыңнан астам шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылып, 350 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдар желісінің үлесі 75 пайызға жеткізілмек», – делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде.

Айта кетейік, алдағы 5 жылда Қазақстанда 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жолдардың 25 мыңнан астам шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесі 95 пайызға дейін жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың қорытындыларына сәйкес, жергілікті жолдардың сапа көрсеткіші 71 пайызға жетті. Өткен жылы ел өңірлеріндегі жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 68 пайызды құраған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский