USD
USD
USD

25 қазан ұлттық мереке болып бекітілді

Сенат депутаттары түзетулер пакетін, оның ішінде 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы ережені қолдады.

25 қазан ұлттық мереке болып бекітілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға мынадай өзгерістер енгізу жоспарланған:

– 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу;

– 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып бекітілсін.

"25 қазан - Республика күні ұлттық мереке болып бекітіледі. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан, бұл күннің ұлттық мереке ретінде бекітілуінің өзі мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам. Болашақта бұл мереке Тәуелсіздікті дәріптеп, нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенеміз", - деді Сенат отырысында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Қазір оқып жатыр

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам