USD
USD
USD

25 қазан ресми түрде ұлттық мереке болып белгіленді

Қазақстанда 25 қазан ресми түрде ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленеді. Тиісті заң жобасын парламент мәжілісі бүгін жалпы отырыста мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.

25 қазан ресми түрде ұлттық мереке болып белгіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мерекелерге қатысты түзетулер "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көзделген.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев енді қазақстандықтар 25 қазан күні демалатынын айтты. Салтанатты шаралар осы күні көбірек өтеді. Ал 16 желтоқсан еске алу күніне айналады.

“Егер сенат заңды қабылдап, президент қол қойса, бұл демалыс күні болады. Ол енді ұлттық мереке деген мәртебе алады ғой. Сол себепті демалыс болады. Биыл қабылдап үлгеретін шығар”, – деді ол. 

Бұнымен қоса, Депутаттар 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тастауды ұсынды. Бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер секілді аталып өтеді. Сәйкесінше, қазақстандықтар 1 желтоқсанда демалмайды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті