USD
USD
USD

25 футболшы коронавирус жұқтырды ма?

«Қайсар» басшылығы команданың 25 ойыншысы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты жауап берді.

25 футболшы коронавирус жұқтырды ма?
Фото: NEGE.kz

 Aлматы. NEGE. «1 шілдеде футболдан ел біріншілігі жалғасады. Сондықтан талапқа сәйкес «Қайсар» футбол клубы өткен сәрсенбіде тест тапсырған болатын. Тест нәтижесімен кейбір футболшылардан оң нәтиже анықталды. Бүгін команда екінші мәрте қайта сынамадан өтті. Тест нәтижесі барлығында да теріс нәтижені көрсетті. Футболшылардың денсаулығы қалыпты жағдайда. Ойыншылар алдағы кездесуге дайындығын жүргізуде», - деп мәлім етті «Қайсар» басшылығы. Бұдан бұрын «Қайсар» футбол клубының бас жаттықтырушысы Стойчо Младенов команданың 25 ойыншысы коронавируске шалдыққаны н айтқан болатын. Естеріңізге сала кетелік, 1 шілдеде ел біріншілігі жалғасады. Бұл турда «Қайсар» өз алаңында «Тараз» командасын қабылдайды. Сондай-ақ, аталған турда «Тобыл» мен «Каспий», «Қызылжар» мен «Оқжетпес», «Қайрат» пен «Жетісу», «Ордабасы» мен «Шахтер» командалары кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаңадан төселген тротуар опырылып түсті

Опырылған тротуар

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма құрамынан тағы бір топ-менеджер кетті

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы

Қазақстандық банктер Шахмұрат Мүтәліпке «Алтыналмасты» сатып алу үшін 1 млрд доллардан астам несие беруі мүмкін

Шахмұрат Мүтәліпов