USD
USD
USD

250 мың компьютер таратылады

Мектеп оқушылары үшін тағы 250 мың компьютер таратылады. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жаңа оқу жылындағы алғашқы сабақтар туралы айтып берді.

250 мың компьютер таратылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Оқушыларды қашықтан оқытуға дайындау барысында жергілікті ақтқарушы органдар министрлікпен бірлесе тиісті шараларды атқарды. Оқушыларға уақытша пайдалану үшін 435 мың компьютер таратылды. Әлі де сатылып алынып жатқан компьютерлер бар. 15 қыркүйекке дейін қосымша 250 мың компьютер беріледі», – деді вице-министр онлайн режимде өткен брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, 1 қыркүйек сағат 15:00-дегі жағдай бойынша жүйедегі қаралым саны 3,7 млн. құрайды.

«Күнделік» жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді. Министрлік мәліметінше, 1 қыркүйектегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша негізгі білім беру платформаларындағы сессиялардың саны – 2,2 млн. Орналастырылған контентті қарау саны – 6,8 млн.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық

ҚМГ: АИ-95 пен АИ-98 өндірісінде ақау анықталған жоқ

бензин экспорты

Индустриялық аймақтар Alatau City-дің бірыңғай экономикалық жүйесіне біріктіріледі

Дөңгелек үстел қатысушылары

130 мың тонна астық қазақстандық өнім ретінде экспортталған: мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келді

Астық