USD
USD
USD

24 жыл бұрын Беларуссияда кісі өлтірген адам ұсталды

Алматы полициясы 24 жыл бұрын Беларуссияда кісі өлтірген адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

24 жыл бұрын Беларуссияда кісі өлтірген адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Іздеу” ЖАІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласының жедел қызметкерлері ерекше қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікпен 67 жастағы К.азаматты ұстады. Белгіленгендей, ол соңғы жылдары Алматы маңында жасырынған.

– К.азамат 1996 жылдан бастап, біздің Беларуссиядан келген әріптестеріміздің ақпараты бойынша, ол, адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болды және күдікті ретінде Беларусь Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс бойынша іздестірілуде. Анықталғаны, К.азамат өз елінде бұзақылық үшін және адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін екі рет сотталған. Қазіргі уақытта ұсталған адам Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көп ұзамай ол Беларусь Республикасының Минск қаласына экстрадицияланып, жергілікті сот алдында жауап береді, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Қазір оқып жатыр

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция