USD
USD
USD

24 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер 24 сәуір, жексенбі күні Қазақстанның қай өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлады. Ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

24 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Метеорологтардың мәліметінше, 24-25 сәуір күндіз Алматы қаласында қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығыс желіне ауысады. Ал Ақмола облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 24 сәуірде Ақмола облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

Жексенбі күні таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ болы мүмкін.

Ал Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, оның күші күндіз 15-20 м/с болуы ықтимал. 24 сәуір түнде Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр, дауыл, найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Жексенбі күндіз Қарағанды облысының оңтүстік-батысында да қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, облыстың солтүстігінде тұман болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. 24 сәуірде Павлодар облысының оңтүстігінде солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ал Нұр-Сұлтан қаласында күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

24 сәуірде Қостанай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с болады деп күтілуде. 24 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер