USD
USD
USD

24 миллионға 30 жылда жетеміз

БҰҰ Қазақстан халқының өсуі мен қартаюына қатысты болжам айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

24 миллионға 30 жылда жетеміз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жалпы демографиялық тенденция жағдайында мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалықты болдырмау үшін елде зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы компонентін міндетті және ерікті түрде дамытудың маңызы зор. БҰҰ болжамдары бойынша, алдағы онжылдықтарда жер бетіндегі халық саны өседі: қазіргі 7,7 млрд адам 2030 жылы 8,5 млрд-қа, ал 2050 жылы 9,7 млрд-қа дейін артады. Болжам бойынша, Қазақстан халқының саны да өседі деп күтілуде: 2050 жылға қарай халық саны 24 миллион адамға жетеді», – делінген ақпаратта.

Биылғы жылға келер болсақ, 2019 жылдың басында Қазақстанда 18,4 млн адам өмір сүрді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда (18,2 млн адам) 1,3% -ға көп. Соңғы 10 жылда елдегі халықтың орташа өсімі жылына 1,5% құраған. Халық санының өсуі әлемде де, Қазақстанда да егде жастағы адамдар санының тұрақты өсуімен қатар жүреді.

Егер 2014 жылы 65 жастан асқан тұрғындар Қазақстан халқының 6,8% -ын құраса, 2018 жылдың соңында – 7,5%-ға жетті. Болжамға сәйкес, елде 65 жастан асқан егде жастағы адамдардың үлесі 2050 жылы қазіргі 7,5% -дан 14,1% -ға дейін екі есе артады.

Айта кету керек, БҰҰ-ның жас шкаласы бойынша Қазақстан Республикасының халқы қартайған болып саналады. Осы үрдістерге сәйкес, Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы да артады деп күтілуде. Сонымен, 2014 жылы өмір сүру ұзақтығы 71,44 жас болса, 2018 жылдың соңында бұл көрсеткіш 73,15 жасқа дейін өсті.  

 

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп