USD
USD
USD

24 ақпаннан бері елімізде ресейліктер мен беларусьтер 11 940 шот ашқан

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері Ресей мен Беларусьтің қанша азаматы Қазақстан банктерінде шот ашқанын айтты, - деп хабарлайды 

24 ақпаннан бері елімізде ресейліктер мен беларусьтер 11 940 шот ашқан
Фото: NEGE.kz

Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE.  Ведомство әлеуметтік желілердегі Ресей мен Беларусь азаматтарының қазақстандық банктерде жаппай шот ашып жатқаны туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді.

"2022 жылғы 24 ақпаннан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Белорусь резидент-жеке тұлғалары үшін 11 940 шот ашылған. Оның ішінде 10 725 шотты өтініш берушінің немесе сенім білдірілген адамның Қазақстан банкінде жеке болуы арқылы, 1 215 шот қашықтан ашылған. Нәтижесінде, осы мемлекеттердің Қазақстан Республикасы банктерінде шоттары бар азаматтарының жалпы саны 162 мыңға жетті", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Ресей Федерациясының резидент-заңды тұлғаларының жаңа шоттарының саны жыл басынан бері аздап өскен. Биыл ақпанның аяғынан бері банк шоттары Ресейдің 7 компаниясына ашылған, Қазақстан банктерінде шоттары бар Ресей ұйымдарының жалпы саны 805-ке жеткен.

Банк шотын ашқанға дейін жүгіну тәсіліне қарамастан, банктер шетелдік өтініш берушіге КЖТҚҚ туралы заңда белгіленген KYC (Know Your Customer) стандарттары бойынша тиісінше тексеру жүргізуге міндетті, делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков