USD
USD
USD

23 жұмысшының астан ұшынуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында 23 жұмысшының тамақтан ұшынуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

23 жұмысшының астан ұшынуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін 3 маусымда «Bazis Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 23 жұмысшысы түскі астан ұшынып қалған еді. Олар №2 облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылған. «Инфекциялық ауруханаға 3 маусымда сағат 19:45-те 21 жұмысшы, 4 маусымда сағат 01:00-де тағы 2 адам түсті. Ауруханаға жатқан науқастардың бәрінде ұшыну белгілері байқалды. Науқастар бас айналу, құсу, әлсіздік және диарея белгілеріне шағымданған» деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жұмысшылар компанияның асханасында тамақтанған. Алдын ала қойылған диагноз – тағамдық токсикоинфекция. «Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 304-бабының 1-бөлігі бойынша (Санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға