USD
USD
USD

23 мұғалім коронавирус жұқтырды

Қызылорда облысында дәстүрлі оқу жүйесіндегі мектеп мұғалімдері арасында коронавирус жұқтырудың 23 дерегі тіркелді. 

23 мұғалім коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыста дәстүрлі оқу жүйесі басталғаннан бері 193 оқушыдан қатерлі індет анықталды. Олардың басым бөлігі қала мектептерінен табылған.

«Бүгінгі күні 157 сынып 14 күнге карантинге жіберілді. Сондай-ақ дәстүрлі оқу жүйесіндегі мектеп мұғалімдері арасында коронавирус жұқтырудың 23 дерегі тіркелді. Байланыста болғандар анықталып, эпидемияға қарсы тиісті шаралар қабылданды. Бүгінде аймақта аурушаңдықтың тәуліктік көрсеткіші төмендеу тенденциясы бар. Дегенмен сақтық шараларын орындау әлсіремеуі тиіс. Әсіресе адам көп жиналатын орындарда бетперде режимі мен әлеуметтік ара қашықтық сақтауды ұсынамыз. Облыс бойынша вакциналау қарқыны да жаман емес. Дегенмен вирустың түрлі штамдарына төтеп беру үшін белсенділікті әлі де арттыру қажет», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Ведомство мәліметінше, облыста карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша мониторинг жүргізу жалғасуда. Жыл басынан бері рейдтік тексеру барысында 14 525 нысан қамтылды. Нәтижесінде 793 нысанан карантин талаптарын бұзу дерегі анықталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы