USD
USD
USD

23 млн теңге ұрлады деген күдікпен мектеп бухгалтері ұсталды

Солтүстік Қазақстанда спорттық мектептердің бірінің бухгалтері бюджет қаражатының жымқырылу фактісіне қатысты күдікті деп танылып отыр.

23 млн теңге ұрлады деген күдікпен мектеп бухгалтері ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері облыстағы спорттық мектептердің бірінің бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Ол өзінің карточкалық шотына 23 млн 781 мың 833 теңге көлемінде ақшаны артық аударып алу күдігіне ілінді. Ол қаражат мектептің басқа шығындарына, атап айтқанда іссапар, оқу-жаттығу жиындарына жұмсалуы тиіс еді», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттіктің бүгінгі «Антикор LIVE» айдарында. Іс-материалдары күдікті мен оның қорғаушысына таныстырылған.

Іске қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев