USD
USD
USD

23 миллион теңгесін ұтқызған ақтөбелік «ақшамды ұрлап кетті» деп полицияға арызданған

23 млн миллион ставкаға тіккен ақтөбелік ұтылған ақшаның “ұрлығын” ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 миллион теңгесін ұтқызған ақтөбелік «ақшамды ұрлап кетті» деп полицияға арызданған
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе, NEGE. 4 сәуір күні №2 қалалық полиция бөліміне 29 жастағы ер адам ұрлық бойынша арызданды.

Оның айтуынша, 101-атқыштар дивизиясы көшесінде Lada Priora автокөлігінен белгісіз біреулер 23 млн теңге ақша салынған пакетті ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізу барысында ұрлық дерегінің қаланың басқа бөлігінде болғанын анықтады.

Айғақтарды көрсеткеннен кейін, ер адам ұрлық дерегін өзі ойластырып, күдікті ретінде танысын қатыстырғанын айтты. Шын мәнінде, жәбірленуші жұбайына айтпай, ақшаны ұтысқа тіккен.

ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігі (Көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Осы баптың санкциясында сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір оқып жатыр

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.