USD
USD
USD

"23 қазан, көктайғақ". Ақмола облысында жүк көліктері жолда қалып кете жаздады

"23 қазан, қатты көктайғақ". Ақмола облысында жүк көліктері жолда қалып кете жаздады

"23 қазан, көктайғақ". Ақмола облысында жүк көліктері жолда қалып кете жаздады
Фото: NEGE.kz

Ақмола полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктерді ілестіріп жүруге мәжбүр. Ескертуге қарамастан көліктердің басым бөлігінің доңғалағы маусымға сай ауыстырылмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана, NEGE. Ақмола облысында 22 қазанда кейбір жол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды. Алайда ескертулерге қарамастан транзитпен келе жатқан көлік иелері жолда тұрып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz-ның Telegram арнасы.

Ақмола полицейлері облыс орталығынан түрлі бағыттардағы автокөліктердің бағандарын ілестіріп алып жүруге мәжбүр болды, көлік құралдарының жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 250-ден астам көліктен тұратын баған құрған патрульдік полицияның 3 экипажы автокөліктерді елорда бағытына қарай алып жүрді.

«23 қазан, қатты көктайғақ. Щучинск қаласы бағытында баған қалыптастырудамыз. 200 көліктің 150-ге жуығы жазғы шиналармен жүр. Көбінесе транзитшілер», – деп атап өтті Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов.

Қазір оқып жатыр

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік