USD
USD
USD

23 қаңтардан бастап Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісі тіркелді

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 2024 жылдың 23 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісін тіркеді, оның 11-і сезілді.

Жер сілкінісі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сейсмикалық белсенділік Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған қатты жер сілкінісіне байланысты, оның сейсмикалық толқындары жақын маңдағы елдердің, соның ішінде Қазақстанның аумағына тарады.

«Әдетте, мұндай қарқындылықтағы жер сілкіністерінен кейін афтершоктардың болуы қалыпты, бұл әлі де байқалады. Бұл жағдайдың қанша уақытқа созылатыны көптеген факторларға, соның ішінде жер сілкінісінің эпиорталығы орналасқан аймақтың сейсмикасына және жер жағдайына байланысты. Бірте-бірте сейсмикалық белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады», – делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

ТЖМ дағдарыс жағдайлардағы басқару орталығының базасында республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасуда. Барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істейді. Жағдай тұрақты.

«Азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береміз. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыздар.

Егер сіз ғимараттардың жоғарғы қабаттарында болсаңыз, онда дүмпу тоқтағанша тұрыңыз, алдыңғы есікті алдын ала ашыңыз, бөлмедегі ең қауіпсіз орынға барып тұрыңыз: тірек арқалықтың астында, есіктер немесе негізгі қабырғалардың бұрыштарына, тірек бағанасына жақын тұрмаңыз, терезелерден, ауыр заттардан және жиһаздан алыс тұрыңыз. Сіз үстелдің астына тығыла аласыз немесе ванна бөлмесіне паналай аласыз.

Жер сілкінісі кезінде лифт пен баспалдақты пайдалануға болмайды. Дүмпу тоқтағанша күтіңіз, содан кейін ғана сыртқа шығыңыз.

Көшеде ғимараттардан, электр желілерінен, маңдайшалардан, қоршаулардан және т. б. алыс ашық алаңда тұру керек.

Дәрі-дәрмектер, қажетті заттар, өнімдер, құжаттар, фонарь, жылы заттар кіретін дабыл чемоданын алдын ала дайындаңыздар», – деді төтеншеліктер.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары