USD
USD
USD

22 жастағы келіншек үшем босанды

Түркістан облысының № 2 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі7

22 жастағы келіншек үшем босанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «22 жастағы Гүлмира Мирзаева № 2 облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды. Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2 200 гр, 2 310гр, 1 980 гр болған», делінген хабарламада.

Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.

Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшем перзентханадан шығуға әзір.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер.

Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бес балаға көбейді.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік