USD
USD
USD

22 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді

Шілденің 18-нен 19-на қараған түні елордаға жүк ұшағымен Covid-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді. Жүктің жалпы салмағы 22 тоннадан асады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

22 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеткізілген партияда ингавирин, парацетамол, эргоферон, сумамед, цефтриаксон, левофлаксацин, кардиомагнил және т. б. дәрілер бар. Бұл гуманитарлық көмек жүгі емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алады. Әкімдік дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін қаражат бөліп, тасымалдауға көмектеседі.

Дистрибьюторлар жүкті тексеріп болған соң, дәрі-дәрмектер қоймаларға, дәріханалардың ірі желілеріне 1-2 күн ішінде түсетінін атап өтті. Тек осы аптаның өзінде қалаға 75 тоннадан астам дәрі әкелінді. Бүгін-ертең тағы бір дәрі-дәрмек партиясы күтілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қалаға дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізу тұрақты түрде жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана