USD
USD
USD

22 көлік ұрлау фактісі тіркелді

Павлодар облысында алты айда 22 автокөлік ұрлық фактісі тіркелді.

22 көлік ұрлау фактісі тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2020 жылдың басынан бастап Павлодар облысының аумағында 22 автокөлік салонынан ұрлық фактісі тіркелді. Салондық ұрлықтың алдын алу мақсатында жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Павлодар қаласының көп қабатты үйлерінің аулаларын патрульдеу барысында күн сайын 10-15 автомашина анықтайды, олардың есіктері немесе терезелері ашық қалады. Иелері тіпті кілттерді де қөлікте ұмытып кеткен жағдайлар болады. Тек өткен түнде ғана тәртіп сақшылары қала үйлерінің аулаларында есіктері ашық қалған 10 автокөлік. Сонымен, жол-патрульдік полиция батальонының полиция қызметкерлерінің патрульдеуі кезінде Малайсары батыр көшесіндегі үй ауласында сағат 00.47-де “Toyota” маркалы автомашинасы табылды. Ал Ледовский көшесі үйдің ауласында сағат 04.39-да полиция қызметкерлері “Mercedes ” маркалы автомашинасын анықтады. Аталған көліктердің иелерімен профилактикалық әңгімелесу өткізілді. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Бірқатар ережелерді сақтау сізге мүлікті ұрлау, сондай-ақ автомобильдің зақымдану қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді: 1. Егер сіз автомобильді қысқа уақытқа қалдырсаңыз да, салон мен жүксалғыштың есіктерін жабуды ұмытпаңыз. 2. Егер автомобиль күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған болса, оларды қосып жүріңіз. 3. Автомобильдің салонында, әсіресе, құнды заттарды қалдырмаңыз. 4. Автомобильді тұрғын үйлердің аулаларында, гараждар мен күзетілетін тұрақтардан тыс орындарында ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана