USD
USD
USD

22 қарашада WORLDSKILLS-2023 Республикалық чемпионаты басталады

Осы жылдың 22 қарашасынан бастап  «Expo» халықаралық көрме орталығында WorldSkills-2023 республикалық чемпионаты өтеді. Чемпионатта еліміздің 20 өңірінен 545 студент пен 520 сарапшы бақ сынасады. 

22 қарашада WORLDSKILLS-2023 Республикалық чемпионаты басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, озық тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту және т.б.

«Чемпионат 7 бағыт және 30 құзырет бойынша өтеді. WorldSkills чемпионатының ашықтығын қамтамасыз ету үшін сарапшыларды таңдау және бағалау жұмысы автоматтандырылған. Ұлттық оператор биыл алғаш рет WorldSkills стандарттары бойынша 400 өңірлік сарапшыны оқытты, бұл оларға критериалды бағалаудың мәнін, оның ішінде ашықтық пен сапаны қамтамасыз ету үшін қажетті рәсімдерді ұғынуға мүмкіндік берді», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова.

Республикалық чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар 2024 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияның Лион қаласында өтетін халықаралық WorldSkills чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар