USD
USD
USD

22 археологиялық ескерткіш табылды

Ақмола облысының Атбасар ауданында 22 жаңа археологиялық ескерткіш табылды. Ескерткіштердің біразы мал жайлымы және судың астында қалған.

22 археологиялық ескерткіш табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Келер жылы бұларды қорғау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының жанындағы Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы директорының міндетін атқарушы Серік Ысқақовтың айтуынша, 2020 жылдың маусым айында жоспарға сай Атбасар ауданында жаңа археологиялық объектілерді анықтау мақсатында барлау жұмыстары жүргізілген.

Барлау нәтижесінде қола және ерте темір дәуіріне жататын тағы 22-ге жуық жаңа археологиялық ескерткіш анықталды.

Жалпы, бұған дейін аудан аумағында 114-тен аса археологиялық нысан орналасқан.

«Есіл және Жабай өзендерінің солтүстік және солтүстік-батыс жағында қола, неолит, ал батыс жағында ерте темір дәуіріндегі археологиялық нысандар табылды. Бұдан бөлек, орта ғасырларда жерленген орындар, сондай-ақ, қазіргі заманғы археологиялық ескерткіштер табылды», – дейді Серік Ысқақов.

Орталық басшысы атап өткендей, табылған археологиялық нысандардың біразы мал жайлымы және судың астында қалған. Келер жылы бұларды анықтап, қорғау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

«Қазіргі кезде, бұл археологиялық нысандарға қауіп төніп тұрған жоқ. Келер жылы оларды қорғау жұмыстарын жалғастырамыз. Сол кезде жаңа археологиялық нысандар ашылып қалуы мүмкін», – дейді Серік Ысқақов.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай