USD
USD
USD

21 жастағы ақмолалықтан “дәріхана” есірткісі тәркіленді

21 жастағы ақмолалықтан “дәріхана” есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

21 жастағы ақмолалықтан “дәріхана” есірткісі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Одан героиннің синтетикалық опиаты болып табылатын бірқатар дәрілік препараттардың 55-ке жуық таблеткасы және есірткіні пайдаланудан әсерді күшейту үшін есірткі тұтынушылар қолданатын заты бар 12 флакон табылды және тәркіленді.

Ұсталған азамат жедел уәкілдерге “микс”, “лира” және т.б. бірнеше есірткі салып үлгерген кэш орындарын көрсетті, нәтижесінде қыздан трамадолдың бес қорабы, тропикамидтің 14 флаконы, лириканың бес таблеткасы және сомнолдың бес таблеткасы тәркіленді. Сараптама тағайындалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.

«Күдіктіден дәрі-дәрмектерді сатумен айналыс үшін пайдаланған ұялы телефон тәркіленді. Медициналық куәландыруға сәйкес, қыздың опиатын қолдану фактісі расталды», – деді облыстық ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Мейрам Жапбасов.
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино