USD
USD
USD

21 терроршы тұтқындалды

«Өзбекстан астанасында «Катиба Тәухид уәл-Джихад» халықаралық террористік ұйымын қолдаушылар тобының қызметіне тосқауыл қойылды», – деп хабарлайды Ташкент полициясының баспасөз қызметі.

21 терроршы тұтқындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құқық қорғау органдары 21 күдіктіні «террористік әрекеттерді жүзеге асыру үшін дайындалу, сол мақсатта жиналу және жолға шығу» бабы бойынша ұстап, олардың үйлерінде тінту жүргізген.

Ішкі істер басқармасы маманының айтуынша, ұсталғандар осы террористік топтың мүшесі – Өзбекстан азаматына ақша аударып, оны Сирияға аттандыруды жоспарлаған.

«Катиба Тәухид уәл-Джихад» 2017 жылы Петербор метросында 16 адамның өмірін қиған террористік актіні орындаушы жанкешті Акбаржон Жалилов мүшелік ететін халықаралық ұйым.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев