USD
USD
USD

219 бала тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды.

Ұялы телефон
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Алматы, NEGE.  Оның ішінде талапкерлердің 74% – қазақ тілінде, 26% – орыс тілінде, 115 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол – 68 балл. Ең жоғары балл – 138. 266 адам 130 балдан жоғары көрсеткіш көрсетті.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға төрт аптаның ішінде 510 талапкер қатысты. Бүгінгі таңда 315 ереже бұзу фактісі анықталды.

Оның ішінде 219 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды.

Бөгде тұлғалар анықталған жоқ. ҰАйта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбасына талдау жүргізіледі.

Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар