21 Желтоқсан 08:32
...

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

ауа райы
Фото: basnews.kz

 «Қазгидромет» РМК 21 желтоқсанда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Түнде Ұлытау облысының шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Петропавлда да түнде жаяу бұрқасын жүреді.

Түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Қызылорда да көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан шығысқа ойыса жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте, сондай-ақ Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түнде екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарда тұман болады. Батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, қарлы қатқақ, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Алматыда, Қонаевта тұман, көктайғақ болады деп болжанады.