Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«21 млн теңге несие алған» – Қостанай облысында зейнеткер алаяқтарға алданып қалды

Қостанайлық зейнеткер 21 млн теңгеден астам шығынға ұшырап, алаяқтықтың құрбаны болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Зейнеткер
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Әйел бұрын жұмыс істеген ұйымның басшысынан арнайы қызмет қызметкерлері жүргізген тексеру туралы хабарлама алады. Кейінірек оған өзін осы қызметтің қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалып, банктен ақпараттың үшінші тұлғаларға таралуын тергеу операциясы жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Ол тергеуді жеңілдету үшін қаржылық көмек қажет екенін айтқан. Алаяқтардың сөзіне сеніп, әйел 21 млн теңгеге жуық сомаға екі банктен несие рәсімдейді. Алаяқтар онымен қайта байланысып, ақшаны курьер арқылы беруді талап еткенде, ол бастапқыда келіспеген. Алайда, ол террористік ұйымды қаржыландырды деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін естилі. Зейнеткер ақшаны курьерге тапсырған.

Қазіргі уақытта полиция аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

«15 млн қазақстандықтың деректері сатылымға шықты»: ІІМ ресми мәлімдеме жасады

Түркістан

Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан сотқа берген ақтөбелік емші айыппұл арқалады

Алагөзова, Сәтжан

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ