USD
USD
USD

20 жастағы жігіт ауылдасын пышақтаған

Алматы облысында өз ауылдасына пышақпен дене жарақатын салған 20 жастағы жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 жастағы жігіт ауылдасын пышақтаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Райымбек ауданында ауылдас жігіттердің сөзге келіспей қалуы қылмысқа ұласып, 20 жастағы жігіттің ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға түсуімен аяқталды. Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында ауылдасына қасақана пышақ жарақатын салған 20 жастағы жігіт екені анықталды. Оқиға орнынан қылмыс құралы болған пышақ табылып, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді. – Жастар арасындағы кикілжің ауыр қылмысқа әкеп соққан. Қазір оқиғаға қатысқан адамдар анықталды. Медициналық куәландыру барысында олардың ішімдік ішпегені белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп атап өтті Райымбек ауданы Полиция бөлімінің бастығы Мұрат Нұрдаулетов. Ведомство басшысының ақпараты бойынша, тергеу барысында тәртіп сақшылары ауыл балаларының арасындағы кикілжің неден туындап, қылмысқа баруына не себеп болғаны анықталатын болады.
 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай