USD
USD
USD

20 сәуірде кейбір кәсіпорындар жұмысқа кіріседі

Сонымен, 20 сәуірде елордада 100 мыңға жуық, ал Алматыда 128 мың адам жұмысқа шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

20 сәуірде кейбір кәсіпорындар жұмысқа кіріседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірден айтайық, бұл алдын ала есеп. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев арнайы брифингте нақты қай мекемелердің қызметі жанданатыны 15 сәуірде белгілі болатынын тағы бір мәрте қаперге салды. Тек елорданың өзінде 100 мың адам жұмысқа шығады. Бұл еңбек етіп жүргендердің 20%-ін құрайды. Алдымен экономиканың маңызды салаларындағы кәсіпорындардың жұмысы жанданады. Өнеркәсіп, құрылыс компаниялары, өндіріс орындары мен кейбір қызмет көрсету нысандары қара құлыпты ашады. Жолды жөндейтін мекемелер мен құрылыс материалдарын шығаратын зауыттардың жұмысын жалғастыруға рұқсат беріледі. Алайда, барлық кәсіпорын жұмысшылардың қауіпсіздігін ойлауы тиіс. Санитарлық талаптарды орындау маңызды.

Ал, елордадағы екінші деңгейлі банктердің 42 бөлімшесі қысқартылған жұмыс режиміне көшеді. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев: "Зейнетақы мен жәрдемақы беру үшін екінші деңгейлі банктер сағат 16:00-ге дейін қысқа кестемен жұмыс істейді. Бесінші, жеке қосалқы қызмет көрсету нысандарының кейбірі, мысалы, химиялық тазалау және кір жуу орындары, шиномонтаж, арнайы техниканы жөндеу, көлік жуу станциялары. Алтыншы, қоғамдық таамқтану орындарының үйге жеткізу қызметі кешкі 22:00-ге дейін ұзартылады" деді.

Карантин талаптарының өзгеруі бірден емес, кезең-кезеңмен іске асады. Тыйым мен шектеу толық алынбайды. Ауру тарау қаупі аз деген кәсіпорындар ғана жұмысын жалғастырады. Аталған екі қаланың әкімі қазіргі ахуалға қарай қажетті шешім қабылдайды. Мысалы, алғашқы кезеңде Алматыда 128 мың адам кәсібіне оралуы тиіс. Сондай-ақ кәсіпорындар жұмысшылардың тасымалын қамтамасыз етуі қажет. Себебі, қоғамдық көлік әзір жүрмейді.

Ал, нақты жұмысын бастайтын кәсіпорындардың тізімі 15 сәуірде жарияланады. Екінші кезеңге өту Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен іске асады.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті