USD
USD
USD

20 мыңнан аса синтетикалық есірткі тәркіленді

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 20 мыңнан аса доза синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 мыңнан аса синтетикалық есірткі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Aлматы. NEGE. СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифингте сөз сөйледі. Брифинг Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде көрсетілді. Жандос Басыбаевтың айтуынша, адам ағзасына жойқын залал келтіретін синтетикалық есірткілердің таралуы бүгінгі таңда үлкен алаңдатушылық тудыруда. 11 қаңтардан заңнамаға өзгерістер енгізілді, енді интернет-дүкендердің басшылары және есірткіні жасырып кететіндер, жарнама таратушылар да қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Осы күнге дейін ауқымды жұмыс атқарылды. СҚО полицейлері төрт веб-дүкеннің жұмысын әшкереледі, ұйымдастырушылар мен таратушылар ұсталып, сотқа тапсырылды, сондай-ақ жедел тексеріс жүргізілуде. Заңсыз айналымнан 1 кг 253 гр. синтетикалық есірткі алынды, бұл – 20 мыңнан аса доза. Тек бір жағдайдың өзінде ұсталған Интернет-дүкеннің иесі мен әкімшісінің үйін тексеру кезінде 10 мың дозадай 572,54 гр. синтетикалық препарат алынды. Бұдан бөлек, жыл басынан полицейлер ҚР аумағында сайттардың жұмысын бұғаттау үшін ІІМ-ге 26 сайт атауын жіберді. Жыл басынан синтетикалық есірткіге байланысты 36 қылмыстық іс тіркелді. Жалпы облыста қаңтар айынан есірткі заттарының айналымы саласында 103 бұзушылық тіркелді. Олардың ішінде сату фактілері – 27, контрабанда – алты, аса ірі мөлшерде сақтау – сегіз және бір жарнама фактісі. Заңсыз айналымнан 175 кг аса түрлі есірткі алынды. Оның басым бөлігі марихуана – 126 кг асады. Сондай-ақ, 348 гр аса героин тәркіленді. Сондай-ақ, Басыбаев есірткі саудалайтын веб-сервистердің жарнамасы – есірткі граффитиіне қарсы күресте қол ұшын созатын облыс тұрғындарының рөлін атап өтті.
 

Қазір оқып жатыр

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Наурыз мейрамы

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді

әуежай

Қазақстанда жылу электр орталықтарын Ресейдің орнына Сингапур салатын болды

ЖЭО