USD
USD
USD

20-39 жас аралығындағы тұрғындар коронавирус инфекциясын жиі жұқтырады

Алматыда негізінен 20-39 жас аралығындағы тұрғындар коронавирус инфекциясын жұқтырып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

20-39 жас аралығындағы тұрғындар коронавирус инфекциясын жиі жұқтырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы екі аптада алматылық эпидемиологтар жүргізген талдау нәтижелері бойынша ең көп сырқаттану еңбекке қабілетті жастағы адамдар арасында тіркелген. «14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру көрсеткіші 3,3%-ға өсті. Бұл мектептер мен отбасылардағы инфекциялардың салдары. Көбінесе 20-39 жастағы азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырады, олардың үлесі - 28%, 40-59 жасында - 22% және 60 жастан асқан адамдар - 23%», - деді Әсел Қалықова.

Сонымен қатар ол инфекцияны тежеу қиын болғанымен, тиісті шаралар мен өзін-өзі тәрбиелеу орындалса, вирустан сақтануға болады деген ойда. Ол үшін азаматтар әлеуметтік қашықтықты сақтап, жеке қорғаныс құралдарын қолданып, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауы қажет.

Эпидемиолог сондай-ақ Алматыда коронавирус инфекция тарайтын ықтимал орындарды атады. Мысалы, сауда орындарында инфекцияны жұқтыру 3%-ға, азық-түлік бөлшек сауда желілерінде, супермаркеттерде - 2,5%-ға, азық-түліктік емес дүкендерде - 1,7%-ға, метрода - 0,6%-ға, қоғамдық тамақтану орындарында - 0,8%-ға, монша-сауналарда - 0,5%-ға көтерілген.

Сонымен қатар дәріхана, медициналық мекеме, банк, пошта, демалыс саябақтары сияқты нысандарда 0,1%-ға өскен.

«Бүгінде инфекцияны жұқтыратын негізгі орындары сауда нысандары - 35%, қоғамдық көліктер - 19%, отбасылармен байланыс - 18,4%, базарлар - 9%», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім

Жұманғарин Алматыдан бизнестің жаппай көшу қаупін жоққа шығарды

салық

«Жалынып, жылауға дейін бардым»: Ақтауда дәрігерге тап берген ер адам өз шындығын айтты

Шанжархан