USD
USD
USD

2030 жылға дейін қалалық жолаушылар көлігі экологиялық таза жанармайға ауысады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, 2030 жылға дейін қаладағы қоғамдық көліктер экологиялық таза жанармайға ауыстырылады.

2030 жылға дейін қалалық жолаушылар көлігі экологиялық таза жанармайға ауысады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2018 жылдан бастап Еуро-5 экологиялық стандарқа ауыстырылды. Жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, 2030 жылға дейін барлық қалалық жолаушылар көлігін экологиялық таза жанармайға ауыстыруға қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Автокөлік құралдарының нормативтік техникалық жай-күйін және зиянды заттар шығарындылары нормаларын сақтау үшін техникалық тексеру орталықтарының және көлік иелерінің техникалық тексеруден жалған өткені үшін жауапкершілігін күшейту жұмысы жүріп жатыр», – деді ол Үкімет отырысында.

Вице-министрдің мәліметі бойынша, 2025 жылға дейін барлық техникалық нормативтер халықаралық стандартқа сәйкестендіріліп, қабылданған шаралар 2030 жылға дейін жүк көлігінің кемінде 30% және жеңіл көліктердің шамамен 70% экологиялық таза жанармайға ауыстыруға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай