USD
USD
USD

Жалпы қуаты 202 МВт болатын фирмалар анықталды

Еліміздің аумағында жалпы 202 МВт болатын 13 майнинг-ферма анықталды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінен мәлім етті.

Жалпы қуаты 202 МВт болатын фирмалар анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жақында ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен цифрлық майнинг объектілерін анықтау мақсатында бірлескен тексерулер жүргізді. Соңғы 5 күнде мобильді топтар жүргізілген тексерулер нәтижесінде жалпы тұтыну қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферманы анықталып, жұмысы тоқтатылды», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру фактілері мыналар: Қарағанды облысында жалпы қуаты - 31,3 МВт, Павлодар облысында - 22 МВт, Түркістан облысында - 3,28 МВт, Ақмола облысында - 1,03 МВт, Қостанай облысында - 0,82 МВт, Нұр-Сұлтан қаласында - 1,8 МВт, Алматы қаласында - 3,5 МВт, Шымкент қаласында – 4 МВт. Сондай-ақ цифрлық майнингке шектеу енгізілген Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты - 91 МВт, Қарағанды облысында 44 МВт майнинг-ферма анықталды.

«Мобильді топтың майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату жұмысы жалғасады. Сондай-ақ анықталған майнинг фермалары бойынша уәкілетті органдар жедел тергеу іс-шараларын жүргізуде», - делінген таратылған ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік