USD
USD
USD

2029 жылға дейін жыл сайын он мың орындық жатақхана пайдалануға беріледі

2029 жылға дейін жатақханаларда жыл сайын 10 мың орынды пайдалануға беру көзделген.

Жатақхана
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 11 096 орын пайдалануға берілді.

Астана және Алматы қалаларында жатақханаларда орындарды уақтылы алу бойынша ел студенттеріне консультациялық қызметтер көрсететін жобалық фронт-офистер жұмыс істейді.

2024 жылы жатақханалар салу бойынша мемлекеттік тапсырыстың мөлшері Алматы қаласында 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін, Астана қаласын қоса алғанда, елдің басқа өңірлерінде 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейінұлғайтылды.

Сондай-ақ, жатақханаға объектілерді реконструкциялағаны үшін өтемақы мөлшері 92 АЕК-тен 182 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Құрылыс салушыға мемлекет тарапынан инвестициялық шығыстарды кезең-кезеңімен өтеуді және кәсіпкерлік субъектілерінің жатақханаларды салуға және реконструкциялауға кеңінен қатысуын қамтитын жаңа жатақханалар салу бойыншамемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетігі әзірленді.

2025 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастарға және 1 және 2-топтағы мүгедек адамдарға, бала кезінен мүгедек адамдарға, мүгедек балаларға оқу кезеңінде ЖОО жатақханаларында тұрғаны үшін 100 050 теңге мөлшерінде өтемақы төлеу жалғастырылады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар