USD
USD
USD

2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін

Мәжіліс Оқу ағарту министрлігі бастамашы болған білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады.

Балабақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Заң кәсіби қабылдаушы отбасылар қызметінің құқықтық негіздерін, осы саладағы құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық саласындағы кәсіби қабылдаушы отбасылар мен уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін анықтайды.

Депутаттардың бастамасымен осы заңға 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдарды лицензиялау тәртібін енгізілді. Сонымен қатар қосымша білім беру ұйымдары (үйірмелер, секциялар және т.б.) үшін қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама тәртібі белгіленеді.

Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарда онлайн оқыту нысаны мен академиялық ұтқырлық қағидаты, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан мектептердегі әлеуметтік жағынан осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету тетіктері қарастырылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты