USD
USD
USD

2026 жылы пилотсыз таксилер іске қосылады

Отандық Jet Sharing компаниясы пилоттық жобаны іске қосу туралы жоспары бар екенін жариялады.

Такси
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ал 2027 жылы сервисті толыққанды коммерциялық ауқымда пайдалануға беруі мүмкін. Еліміздің көлік саласын цифрландыру шеңберіндегі бұл жаңашылдық Digital Bridge 2025 технологиялық форумында таныстырылды. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес елімізде жасанды интеллект технологияларын қарқынды енгізу жалғасуда.

Технология жасанды интеллектіге негізделген, ол автомобильдің өзін де, тапсырыстарды бөлу және баға белгілеу процестерін де басқарады. Әзірлеушілердің айтуынша, мұндағы негізгі және ең шығынды көп қажет ететін тұс – көліктер навигациясына қажет қаланың жоғары дәлдіктегі 3D картасын жасау болмақ. Тестілеуге арналған бастапқы алаң ретінде Alatau city қарастырылуда, одан кейін Астана мен Алматыға шығу жоспары бар.

«Біз мұндай қызметті ТМД бойынша бірінші болып іске қосамыз деп сенемін. Егер мемлекет қолдау білдірсе, сынақ кезеңін 2026 жылы бастауға, ал 2027 жылы толыққанды сервисті пайдалануға беруге дайынбыз. Жалғыз ғана қиын тұс – Қазақстанда әзірге жоқ 3D-навигацияны құру»,

— деді Jet Sharing компаниясының негізін қалаушы Мейрамбек Әбілқасов.

Қазір оқып жатыр

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер

Қазақстан Ресей мұнайын өңдеп, кейін кері жөнелтуі мүмкін

мұнай өңдеу