USD
USD
USD

2026 жылы «Наурыз» бағдарламасына екі есе көп ақша бөледі

Бұған биылғы көрсеткіштердің жоғары болуы және тұрғын үй құрылысы бойынша жоспардың асыра орындалуы түрткі болған.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкеновтің 24.KZ арнасына хабарлауынша, «Наурыз» бағдарламасына биыл 200 млрд теңгеден астам қаражат құйылған.

«Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмасына орай, Отбасы банк бұл қаражатты 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. оның ішінде «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасы да бар. Биыл оның тиімділігі дәлелденді. Біз тіпті шағын зерттеу де жүргіздік. Нәтижесінде қарыз алушылардың 60 пайызы 35 жасқа толмағандар, яғни жастар екенін анықтадық», – дейді Қуандық Қажкенов.

Министрлік өкілі келесі жылы жаңа бағдарламалар болмайтынын мәлімдеді. Бұған нарықта ипотекалық өнімдердің жеткілікті болуы себеп.

«Қазір жаңа бағдарламалар енгіземіз деген жоспар жоқ. Қазір нарықта әлеуметтік осал топтарға арналған бағдарламалар, «Наурыз» бар. Отбасы банктің өз бағдарламалары да жетерлік. Сондықтан мемлекет жаңа ипотекалық бағдарлама енгізбейді», – дейді вице-министр.

Өткен он айда елімізде 17 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй қолданысқа берілген. Министрлік мәліметінше, құрылыс компаниялары жоспарды асыра орындап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 19 млн шаршы метрден асуға тиіс. Былтырғы көрсеткіш те осы шамада болған.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай